in

«Өнерден толық кеттім…»: Айгүл Иманбаева қазір не істеп жүргенін айтты (ВИДЕО)

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіге видео жүктеп, бірнеше сұраққа жауап берді.

Актрисаның айтуынша, оған соңғы кездері жанкүйерлерден «қайдасыз, неге көрінбей кеттіңіз?» деген сауалдар жиі қойыла бастаған.

Осы видеода жүрегіме жүк болған дүниелермен бөлісуді жөн көрдім. Мен қайда болдым, неге көрінбей кеттім – барлығын шынайы айтып берем, – деп жазды өнер иесі.