in

Әлем кубогы: Қазақстаннан сегіз боксшы жартылай финалға шықты

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан әлем кубогы кезеңінде ширек финалдық жекпе-жектер аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының жеті өкілі жартылай финалға жолдама алды. Жарыстың бесінші күніндегі кешкі сессияда шаршы алаңға үш қазақстандық боксшы шықты.

65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Аида Әбікеева АҚШ өкілі Мария Росендоны жеңді. Ал 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Айбек Оралбай Ұлыбритания боксшысы Мэттью Уильямстан басым түсті. Өз кезегінде 51 келіге дейінгі салмақтағы Алуа Балқыбекова Үндістан өкілі Минакшиге есе жіберді.

Айта кетейік, күндізгі сессияда Санжар Ташкенбай (50 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) және Виктория Графеева (60 келіге дейін) жартылай финалға шыққан болатын. Бұған дейін Назым Қызайбай (54 келіге дейін) мен Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) да 1/2 финалдағы орындарын қамтамасыз еткен еді. Ал Валерия Аксенова (80 келіге дейін) әлем кубогы кезеңіндегі жарысын бірден жартылай финалдан бастайды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының сегіз боксшысы кем дегенде қола жүлдені иеленеді. Жартылай финалдық жекпе-жектер 20 маусым күні өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.