in

«Әділет» партиясы кезектен тыс съезін өткізеді

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай партияның III кезектен тыс съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Қаулыға сәйкес, партияның III кезектен тыс съезі 2026 жылғы 10 шілдеде Астана қаласында өтеді.

Съезге дайындық жұмыстары басталды. Іс-шараға партия делегаттары, өңірлік филиалдардың өкілдері, басшылық органдарының мүшелері және өзге де қонақтар қатысады.