in

Ұлттық ұлан ұшқышы алғаш рет өз бетінше ұшты

Республика күні қарсаңында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы авиациялық базасының әскери қызметшісі, капитан Дастан Құсайынов Ан-74 әскери-көлік ұшағымен алғаш рет өз бетінше ұшу сапарын орындады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқу-жаттығу ұшуы барысында капитан Құсайынов ұшақты әуеге көтеруден бастап қондыруға дейінгі басқарудың барлық негізгі кезеңдерін орындады. Дайындық ұшу даярлығына қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілді.
Алғашқы дербес ұшу ұшқыштың кәсіби қалыптасуында ерекше маңызға ие. Ол ұшу техникасын жетік меңгеруді, жүктелген міндеттерді дәл орындауды және экипаж бен әуе кемесінің қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін шешімдерді өз бетінше қабылдауға дайын болуды талап етеді.
Әуе кемесі командирінің ерекше жауапкершілігі – штаттан тыс жағдайларда да өздігінен шешім қабылдай білу және экипаж мүшелері арасында міндеттерді сауатты бөлу. Нұсқаушының тікелей көмегінсіз ұшу кезінде дәл осы дағдылар шешуші рөл атқарады.
Ұшу сапарының сәтті орындалуы капитан Дастан Құсайыновтың кәсіби шеберлігін шыңдаудағы және Ұлттық ұланның авиациялық бөлімшесінің жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын нығайтудағы кезекті маңызды қадам болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.