in

Құтқарушыларға пәтер кілттері табыс етілді

Төтенше жағдайлар министрлігінде ведомство қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыс ету рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Іс-шара Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов құтқарушыларға пәтер кілттерін табыс етті.

«Мемлекет басшысының атынан азаматтарымыздың қауіпсіздігі жолындағы кәсібиліктеріңіз, ерліктеріңіз бен күнделікті еңбектеріңіз үшін ризашылық және құрмет белгісі ретінде сіздер пәтер кілттерін алып жатырсыздар. Мемлекет азаматтық қорғау жүйесінің әрбір қызметкерінің үлесін жоғары бағалайды, құтқарушылар мен олардың отбасыларын қолдау жұмыстарын жалғастырады. Құтқарушылар алдағы уақытта да өз міндеттерін абыроймен атқара беретініне сенімдімін», – деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік және мемлекеттік материалдық резервтер комитеттерінің, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының, ТЖМ «Қазавиақұтқару» мен Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері пәтер алды.

Бұл бастама азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, төтенше жағдайларға ден қою жүйесінің тұрақты жұмысын атқарып жүрген мамандар еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.