in

Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне өртке қарсы техника табысталды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап өртке қарсы жабдықтарды жаңғырту бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарламаның мақсаты – орман және табиғатты қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын толық жаңарту, сондай-ақ өрт қауіпсіздігін күшейту. Аталған бағдарлама аясында Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесіне жаңа 9 бірлік орман өртін сөндіру техникасы табысталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әрбір техника қозғалыс кезінде өрт сөндіруге мүмкіндік беретін қуатты өрт сорғысымен, сыйымдылығы 3 м³ суға арналған цистернамен, сондай-ақ өрт-техникалық жабдықтардың толық жиынтығымен, жеке қорғаныс және радиобайланыс құралдарымен жабдықталған.

Қосымша ретінде, көлік шанағы мен доңғалақ доғаларын өздігінен сөндіру жүйесі, сондай-ақ көлік асты бойымен қорғаныс жолағын жасау үшін су беру мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл барлық құрал-жабдықтар орман өртімен күресудің тиімділігін едәуір арттырып, Қазақстанның табиғи байлықтарын сақтауға үлкен үлес қосады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.