Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында су добынан әйелдер арасында үшінші орын үшін матч өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Қола медаль үшін Қазақстан мен Таиланд құрамалары сынға түсті.
Негізгі уақыт 6:6 есебімен тең аяқталды. Пенальти сериясында қазақстандықтар мықтылық танытып, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 9:8.
Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Сонымен қатар, ерлер құрамасы да қола медаль жеңіп алды. Олар қарсыластары Жапония құрамасынан 16:14 есебімен басым түсті.