in

Қазақстанда “қыз алып қашу” үшін жауапкершілік күшейтілді

Мемлекет басшысы қыз алып қашқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген заңға қол қойды,  – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

“Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – деп мәлімдеді Ақорда.

Заңмен Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне, “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” кодексіне, “Жедел-іздестіру қызметі туралы”, “Төлемдер және төлем жүйелері туралы” және басқа да заңдарға түзету енгізілді.

Түзетулердің бірінші блогы қылмыстық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. қылмыстық заңнаманы жетілдіруді және кейбір қоғамдық қауіпті әрекеттер үшін жауапкершілікті арттыруды көздейді.

Өткен жылы Паламентте Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов қыз алып қашуға байланысты тиісті нормаларды заңнамалық деңгейде енгізу қажеттігі туралы ұсыныстарды қолдаған болатын. Осыған байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев пікір білдірді.

Біз бұл бастаманы қолдаймыз, себебі бұл мәселені 2023 жылдан бері көтеріп келеміз. Енді заңнамада мұндай әрекеттерге тыйым салынатыны анық көрсетілген, ал кінәлілер жазасыз қалмайды. Бұл заң тек әйелдерді ғана емес, сондай-ақ олардың әкелері, ағалары мен қыздарын ұрлаған басқа да туыстарын қорғайды. Біздің ойымызша, бұл мәжбүрлі неке тәжірибесінен бас тартуға және гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көп ғасырлық «алып қашу» дәстүрі мен қыздың еркіне қарсы ұрланып, еркіндігі шектелетін ауыр қылмыстың ара жігін ажырата білу қажет. Егер қыз өз еркімен қашып, тұрмыс құруға келіссе – бұл басқа жағдай. Неке – бұл екі жақтың толық әрі ерікті келісімімен құрылатын тең құқықты одақ, – деді Артур Ластаев.

Заңға енгізілген түзетулер күшіне енген жоқ. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.