in

Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының саны 20 мыңға жетті

2025 жылы Қазақстанда 19 588 қоғамдық тамақтану нысаны жұмыс істеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,5%-ға көп. 2024 жылы олардың саны 16 674 болған.

Өңірлер арасында қоғамдық тамақтану орындары Алматыда ең көп – 3 522 нысан. Одан кейін Астана – 2 761 және Қарағанды облысы 1 275 нысанмен тұр.

Мейрамханалар саны бір жылда 666 нысанға көбейіп, 3 024-ке жетті. Асханалар саны 5,7%-ға өсіп, 5 618-ден 5 940-қа дейін артты. Ал дәмханалар саны 15,1%-ға көбейіп, 5 202-ден 5 987-ге жетті.

Мейрамхана саны бойынша Астана көш бастап тұр – 654 нысан. Алматыда – 602, Батыс Қазақстан облысында 248 мейрамхана бар. Ал дәмхана Алматыда ең көп – 1 036. Астанада 809, Қарағанды облысында 485 дәмхана тіркелген.

2025 жылы тамақтану және сусын ұсыну саласындағы қызмет көлемі 2,1 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткішті қоғамдық тамақтану орындарының жалпы санына шаққанда, бір нысанға орта есеппен жылына шамамен 107 000 000 теңгеден келеді.