in

Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда электр энергиясының тарифін көтеру жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала болжам бойынша, жарық бағасы шамамен 4-5%-ға қымбаттауы мүмкін.

Энергетика министрлігі тарифтің өсуін энергетикалық компаниялардың қарыздарымен, жөндеу жұмыстарының шығындарымен және жалақы көлемінің артуымен байланыстырып отыр.

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың айтуынша, қарыздың бір бөлігі табиғи газ бағасының өсуіне байланысты қалыптасқан.

– Өтініштер мен қоғамдық тыңдауларды ескере отырып, бұл процесс бірнеше айға созылуы мүмкін, – деді министрдің орынбасары.

Сонымен қатар министрлік жылу мен су секілді басқа да коммуналдық қызметтердің тарифі көтерілуі ықтимал екенін мәлімдеді.