in

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

Қазақстанда жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлемдерді есептеу тәртібі жаңартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Енді декреттік бір реттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2 миллион 499 мың теңгені құрайды.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының» мәліметінше, төлем мөлшері әр әйел үшін жеке есептеледі. Ол соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдар жасалған табысқа және декреттік демалыс ұзақтығына байланысты анықталады.

Егер орташа айлық табыс 7 ең төменгі жалақы мөлшерінен (ЕТЖ) асып кетсе, әлеуметтік төлем осы шекті негізге ала отырып есептеледі. Ал есептеу кезінде соңғы 12 айда қорға аударылған әлеуметтік аударымдар ескеріледі.