in

Шілденің соңғы күніне арналған ауа-райы болжамы

Бірқатар облыстарда, әсіресе елдің оңтүстік және батыс бөліктерінде төтенше өрт қаупі сақталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ соғады, дауыл күтіледі. Таңертең тұман болады. Күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде + 12 + 14 °, күндіз + 22 + 24 ° болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауып, күн күркірейді. Кей кезде екпіні секундына 18 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде + 20 + 22 °, күндіз + 30 + 32 ° болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күн – райы ашық болады. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде + 18 + 20 °, күндіз + 34 + 36 °.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.