in

Шымкентте мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған блогер қамауға алынды

Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері блогер мен үш сыбайласы қамауға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ІІМ cілтеме жасап.

Олар әлеуметтік желілерде беделге нұқсан келтіретін бейнематериалдарды жариялаймын деп қорқытып, азаматтардан ақша бопсалаумен айналысқан.

— Жедел іс-шаралар барысында Instagram желісінде 150 мыңға жуық оқырманы бар жергілікті блогердің үш сыбайласымен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді әдейі бейнетаспаға түсіріп жүргені анықталды, — делінген хабарламада.

Олар қызметтік міндеттерін атқару барысында тәртіп бұзды деп, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке қатысты болуы мүмкін заң бұзушылықтарды сылтау етіп, түрлі бейнематериалдар жинаған.

—  Кейін сол бейнежазбаларды әлеуметтік желіге жарияламау үшін азаматтардан ақша талап еткен, —  деп хабарлады Ішкі істер органдарынан.