Қызылорда облысында кәмелетке толмаған қызды өлтіру ісі бойынша үкім шықты. Марқұмның денесі Шиелідегі каналдан табылған еді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты “Жетінші арнаға” сілтеме жасап
Телеарна мәліметінше, биыл маусымда бойжеткен үйінен құрбысына барамын деп шығып кеткен. Бір тәуліктен кейін оның денесі Жақаев каналынан табылды. Қыздың мойнына қалың сым оралған еді.
Тергеу барысында күдіктінің кінәсі толық дәлелденді. Сотталушы соңғы сөзінде кінәсін мойындап, жәбірленуші тараптан кешірім сұрады.
“Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағы бойынша кінәлі деп танылсын. Оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленсін.
Моральдық зиянның өтеуі ретінде 10 миллион теңге, сондай-ақ мемлекет кірісіне 2 162 теңге мемлекеттік баж салығы өндірілсін”, – деді Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Думан Әлиев.