Бекжан Тұрыс М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 50-ден аса рөл сомдаған. «Өнердің миссиясы – ұлтқа қызмет ету» деп білетін өнер иесі өзіндік ұстанымдарымен, берік көзқарасымен, адамгершіліктің ақ жолын кесіп өтпес мінезімен қадірлі. Биыл халқының сүйіспеншілігіне бөленген актер алпыстың асуын бағындырды.
Aikyn.kz тілшісі Бекжан Тұрысты мерейтойымен құттықтап, аз-кем сұхбаттасты.
– Театр мен кинода қатар еңбек еттіңіз. Ал қазір бұрын КВН ойнаған немесе қалтасында ақшасы бар кез келген адам кино түсіріп жатыр. Олардың фильмдерін көресіз бе? Арзан әзіл көрерменге опа таптыра ма?
– Кино өнері арқылы, теледидар арқылы тасқындап құйылып жатқан шет жұрттың рухани үрдістері қойны-қоншымызды кеулеп, төрімізде тайраңдап салтанат құрып, өз ұрпағымызды өзімізге жат етіп бара жатқанын көргім келмейді. Бұл келеңсіздікті түзету былай тұрсын, айтқан адамның өзін «ескіні көксеуші», «артта қалған», «ұлтшыл» деген қарғыс таңбасымен күстәналайды.
«Өнердің ішіндегі ең маңыздысы – кино» дейді Ленин. Біз қазір асыл мен жасықты өз бетімізбен айыра алмайтын дертке ұшырадық. Бүгінде боғауыздан тұратын кинолардың көп екені рас. Өкініштісі, сол кинода Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткерлер жүр. Бізге қазір ұлтты руханиятсыздықтың дертінен аман сақтаудың жолдарын қарастыру керек.
– Сіз еліңіз үшін баяғыдан «Халық әртісісіз». Былтырдан бері бұл атақ қайта жаңғырды. «Халық әртісі» атағын ресми түрде неге бермеді, әлде сізді ұсынбады ма?
– Жоқ, ұсынған жоқ.
Сұхбатты мына сілтемеден толық оқи аласыз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз