Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан (70 кг) ересектер арасындағы әлем чемпионатында алғаш рет финалға шықты, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Жартылай финалда 19 жастағы спортшы Англия өкілі, жергілікті боксшы Одела Камаруды 4:1 есебімен жеңді.
Енді 14 қыркүйекте алтын үшін жекпе-жекте Сабырхан жапондық Сэвон Окадзавамен кездеседі.