in

Соғыс кезінде құрылыс бригадасында еңбек еткен Александра

Александра Саратовцева 1925 жылдың 12 қазанында Пенза облысы Николаевка ауылында дүниеге келген.  Бар-жоғы 16 жасында соғысқа кетеді. Сөйтіп, майдан шебінде жүрмесе де соғыс кезінде құрылыс бригадасының құрамында болып, көпір тұрғызған. Мысалы, Днепр арқылы өтетін көпірді дамылсыз, түні-күнімен құрылысты тоқтатпастан жарты жыл салған. Нәзік жанды әйелді сол бір зұлмат жылдардағы қантөгісті көріп қана қоймай, бүкіл қиындықты көтере білді. Ол ұлы жеңісті Польшаның Нова-Сонч қаласында қарсы алды.   

Соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін II дәрежелі Отан соғысы ордені, «Сталинградты азат еткені үшін» медалі, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.

Соғыстан кейін ол балабақшада, мектепте комендант болып жұмыс істеді.   Қазір Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында қызының қолында тұрады.