Ірі мұнай-газ жобаларында ішкі елдік құндылықты дамытудың тиімді жүйесін құруды қамтамасыз ету мақсатында және отандық тауар, жұмыс және қызмет көрсетушілерді қолдау үшін Энергетика министрлігі Өнімді бөлу туралы келісімдердегі Өкілетті органмен бірлесіп, Солтүстік Каспий жобасында E-procurement электрондық сатып алу жүйесін енгізу жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Цифрлық жүйе тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді әлеуетті өнім берушілерден өтінім беру сәтінен бастап тиісті шарттар жасалғанға дейінгі тендерлік процестерді қамтиды.
Жүйені енгізу әкімшілік кедергілерді азайтуға, өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқартуға және өнім берушілер арасындағы бәсекелестік деңгейін арттыруға бағытталған.
Электрондық формат қатысушылардың Солтүстік Каспий жобасының сатып алу процедураларына тең қолжетімділігін, сондай-ақ қажеттілікті қалыптастырудан бастап шарттық міндеттемелерді орындауға дейінгі барлық кезеңдердің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.