in

Солтүстік және шығыс өңірлерде ең күрделі ауа райы жағдайы болжанды

«Қазгидромет» РМК дауылды ескертулер туралы мәлімдеді. Еліміздің бірқатар өңірлерінде қатты жел, боран, тұман және көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 20–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, бұл жолдағы жағдайды қиындатып, көлік қозғалысына әсер етуі ықтимал, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ең күрделі ауа райы жағдайы солтүстік және шығыс өңірлерде болжанып отыр — бұл аймақтарда қар жауып, боран соғып, жауын-шашын болуы мүмкін.

Сондай-ақ кейбір өңірлерде тұман мен көктайғақ болуы ықтимал.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 13 наурызда көктайғақ күтіледі. Таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Алматы қ.: 13 наурызда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Шымкент қ.: 13-14 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі.

13-15 наурызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

13 наурызда түнде Ақмола облысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

13 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде  аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

13 наурызда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде,  шығысында екпіні 15-20 м/с.

13 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.

13 наурызда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

13 наурызда Қарағанды облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

13 наурызда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

13 наурызда Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

13 наурызда Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 13 наурызда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

13 наурызда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

13 наурызда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

13 наурызда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

13 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

13-14 наурызда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с.