in

Семейде екі жасөспірім іздестіріліп жатыр

Абай облысының полиция қызметкерлері екі жасөспірімнің жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру жұмысы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 маусым күні сағат 20:00 шамасында 14 жастағы Рақымжан Манатұлы Укіртаев пен 8 жастағы Әлихан Дарханұлы Қайратов Семей қаласындағы Восточный кенті ауданында болған. Осыдан кейін олардың қайда кеткені белгісіз. 

Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын ұйымдастырды. Жеке құрамға бағдар беріліп, балалар болуы мүмкін орындар тексеріліп, үй-үйді аралау және іргелес аумақтарды қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Абай облысы Полиция департаменті қала тұрғындарынан іздестіруге көмектесуді сұрайды. Егер балалардың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз немесе оларды табуға көмектесетін мәліметтеріңіз болса, дереу **102** нөміріне немесекәмелетке толмаған бателефонына хабарласуыңызды сұраймыз, — дейді тәртіп сақшылары.