in

Нүкежан Дәулетұлы: «Жастарға жұмыс» жәрмеңкесінен өзіме ұнайтын жұмыс таптым

«AMANAT» партиясының «Жастарға жұмыс» жобасы аясында ұйымдастырылатын Job Fair бос жұмыс орындары жәрмеңкесі еліміздеге жастарға жұмысқа орналасып, еңбек жолын бастауға көмектеседі. Осы жоба арқылы жұмысқа орналасқан жас мамандардың бірі – №2 қалалық емхана жедел жәрдем станциясының фельдшері Нүкежан Дәулетұлы, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Нүкежан Дәулетұлы – Жамбыл жоғары медициналық колледжінің түлегі. Емдеу ісі фельдшері мамандығын тәмамдаған соң6 «Жастарға жұмыс» бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысып, арнайы мамандардан кеңес алып, жұмысқа орналасқан.

«Маған өз жұмысым ұнайды. Сіздерді де «қай жерде жұмыс істеймін?», «қандай жұмыс істеймін» деген ой мазалап жүрсе «Жастарға жұмыс» бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуға кеңес беремін», – дейді жас маман.