Халық әртісі Мақпал Жүнісова өзбек әншісі Юлдуз Усмановамен жүздесті, – деп жазды Aikyn.kz.
Әлеуметтік желіде екі әншінің сөйлесіп отырған видеосы жарияланды.
Юлдуз Османованың Мақпал Жүнісованың домбырамен орындайтын әндерін сүйіп тыңдайтынын айтады. Сонымен қатар әріптесінен әндерінің бірін орындауға ниетті екенін жеткізген. Екі әнші алдағы концерттерге қатысты жоспарлары туралы пікір алмасқан.
Желі қолданушылары бұл көрініске сүйсініп, аңызға айналған екі әншіге жылы лебізін білдіріп жатыр.
Айта кетейік, Юлдуз Усмонова еліміздің бірнеше қаласында концерт өткізді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.