in

«Мас күйде, отырдым таксиге. Не әңгіме мынау?»: Ұлықпан Жолдасов әнші Садраддинді сынады (видео)

Әнші, композитор Ұлықпан Жолдасов қазіргі жас әншілер әннің сөзіне мән бермейтініне ренішін білдірді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ұлықпан Жолдасов жас әнші Садраддин Болат орындап жүрген әнді мысал келтірген.

«Жүйке шыдамайды. Тыңдап отырған құлаққабымды лақтырып жіберемін. «Таңертең мас күйде, отырдым таксиге, анам мені күтеді ас үйде» дейді. Не әңгіме мынау? Не деген ән, не деген сөздер… Тіпті, біреулер боқтап жатыр. Солай атымды шығарамын деп ойлайды. Әнді де, басқаны да сайқымазақ етті. Тыңдайтын ән қалған жоқ. Кейбір әндер бар. Өте жақсы, күшті. Бірақ жақтарын шайнап айтады», – дейді Ұлықпан Жолдасов.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Жетінші арна | 7 канал (@tv7_kz)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.