in

“Көліктің терезесінен”: Атырауда отшашу атқан жастар қамауға алынды

Атырауда түнгі уақытта көліктің терезесінен отшашу атып, ауіпті маневр жасап, жол ережесін өрескел бұзған, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, соның салдарынан апатты жағдай туғызған. Сонымен қатар көлік қозғалысы кезінде жолаушы терезеден денесін шығарған.

Тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Оларға ұсақ бұзақылық, елді мекенде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану және азаматтардың түнгі тыныштығын бұзу баптары бойынша айып тағылған.

Бұзақылық дерегі бойынша жүргізуші мен жолаушы әкімшілік қамауға алынды. Ал көлік арнайы айып тұрағына қойылды.Полиция жол қозғалысы ережесін бұзған кез келген әрекет заң алдында жауапкершілікке әкелетінін еске салып, жол қателікті кешірмейтінін ата п өтті.