in

Кореяда дәстүрлі садақ атудан әлем кубогы өтеді

2025 жылғы 31 қазан мен 4 қараша аралығында Корея Республикасының Ульсан қаласында дәстүрлі садақ атудан әлем кубогы өтеді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Аталған халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараға дайындық шеңберінде 2025 жылғы 10-23 қазан аралығында Алматы облысының аумағында ұлттық құраманың қатысуымен оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылуда.

Жиынға Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының 17 спортшысы тартылған.

Оқу-жаттығу жиынының ұйымдастырушысы – Sadaq Aty Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.