Сеул қаласындағы учаскеде алғашқылардың бірі болып Азия орман ынтымақтастығы ұйымының (AFoCO) қызметкері Қазақстан азаматы Ернар Сарсенбаев дауыс берді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді
Ол шетелде жүрген азаматтар үшін осындай маңызды саяси процеске қатысу мүмкіндігі жасалғанын жоғары бағалап, референдумға қатысу әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтті.
«Мұндай маңызды ұлттық мәселелер бойынша өз пікіріңді білдіру – әр азаматтың парызы. Референдум еліміздің дамуы мен болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік береді», – деді ол.