in

Илон Маск долларлық триллионер мәртебесінен айырылып қалды

Америкалық кәсіпкер, Elon Musk әлем тарихындағы алғашқы долларлық триллионер мәртебесінен айырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Бұл туралы Bloomberg Billionaires Index рейтингінің жаңартылған деректері көрсетті.

Рейтинг мәліметіне сәйкес, кәсіпкердің байлығы 118 миллиард долларға азайып, қазіргі уақытта 957 миллиард долларды құрап отыр.

Мұндай өзгеріске SpaceX компаниясы акцияларының күрт арзандауы себеп болған. Соңғы сауда сессиясында компания құнды қағаздарының бағасы бір күн ішінде 10 пайызға төмендеді. Ал сейсенбі күнгі сауда барысында акциялар бағасы уақытша 150 доллардан да төмен түскен. Бұған дейін олардың құны 225 долларға дейін жеткен болатын.

Айта кетейік, SpaceX компаниясының биржаға сәтті шығуы Илон Масктың байлығын бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткізіп, оны тарихтағы алғашқы долларлық триллионер атандырған еді. Бірақ акциялар құнының төмендеуіне байланысты кәсіпкер бұл мәртебені небәрі 12 күн ғана сақтап қала алды.