in

«Жұбайым екеуіміз ақылдасып, бір шешімге келдік»: Тоқтар Серіков отбасындағы ұстанымы туралы айтты

Әнші Тоқтар Серіков “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында отбасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желіде күнделікті өмірін көрсеткісі келмейтінін жасырмады. Өйткені айтуынша, танымал адамның мақтанып тұрғаны кейбір жандардың көңілін түсіруі мүмкін.

“Шындықты айтсам, жұбайыммен ақылдасып, Instagram желісіне жеке өмірімізді жарияламауды жөн көрдік. Не ішіп, не жегенімізді, қандай көлік мініп, қай үйде тұратынымызды, тіпті бала-шағамның санын да көрсеткім келмейді. Мен бар жағдайыммен шүкіршілік етіп отырған адаммын. Алайда елімізде әлі де тұрмысы төмен, күн көрісі қиындаған жандар бар. Баласының болашағына алаңдап, көзіне жас алған ата-аналар бар. Сондай сәттерді ойласам, көңілім құлазиды. Өзім мақтанып жатқанда, бір адам маған мұңайып қарап тұрса, бұл – мен үшін үлкен сын. Сондықтан өнердегі барша әріптестеріме айтарым, бұл – жылтырап, мақтанып отыратын емес, керісінше, байлығыңды жасыратын заман. Аш адамды тойдырып барып мақтан. Кейде өзімді сырттан түсіріп алған видеоларды көргенде ұялып, өкінетін кездерім болады”, – дейді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.