Соңғы жылдары қазақ поэзиясында жылаңқы, мұң басым өлеңдер жиі кездеседі. Ақындардың шығармаларынан торығу, шаршау, өмірге реніш сынды көңіл-күйді жиі байқауға болады. Жалпы поэзияда мұндай бағыттың белең алғаны бірден көзге түседі. Мысалға «бүгінгі күні жылаңқы өлеңдер неге көп жазылады?» деген сұрақ жиі қойылады
Бұл сұраққа ақын, аудармашы Оңайгүл Тұржан Aiqyn газетінің тілшісіне берген сұхбатында жауап берді.
– Жылаңқы өлең жас кезде, әсіресе ақын қыздарда көп болады. Оның себебі – қыз бала табиғатындағы біреу мені аяса екен, біреу еркелетсе екен деген ішкі табиғи қажеттіліктен болар деп ойлаймын. Жас 30-дан асқаннан кейін еркелік жайына қалады. Сосын қайратты өлеңдер жазыла бастайды немесе жастықтың лебімен топырлай келгендердің қатары сирей бастады. 20 шақтысынан екеу-үшеуі қалса, соның өзі олжа.
– Неге тастап кетеді деп ойлайсыз?
– «Тау басында жел жүрер» дегенге келтіріп айтсақ, жастық щақтың өзі поэзия ғой. Жүріс-тұрысың, сөзің, көзің, өзің – бәрі поэзия сияқты. Өлең жаздыртады. Сосын адам өмірі бірте-бірте прозалық сипатқа ие болады. Прозалық сипаттағы өмірің бірте-бірте драма жанры сияқтанады. Ал жас алпыстан асқан соң, тіршіліктің бәрін екшей бастайсың да, өзіңді «ходячий» сын жанры сияқты сезінеді екенсің. Ал енді біреулер өздерінің дарынына тұншығып қалады-ау деймін.
Сұхбатты мына сілтемеден толық оқи аласыз.