Жеңіл атлетикадан Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатқан секіру дисциплиналары бойынша алғашқы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлдеге қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ұлттық құрама сапынан Елизавета Матвеева медаль жеңіп алды. Ол биіктікке секіру сайысында үшінші орынға ие болды.
Қазақстандық спортшы үздік мүмкіндігінде 180 сантиметр нәтижесін көрсетті.
Өзбекстандық Барнохон Сайфуллаева 183 см нәтижесімен жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені қытайлық Цзявэнь Лу иеленді – 180 см. Ал Гонконг өкілі Чун Вай Я да 180 см көрсеткішпен қола медальға қол жеткізді.