in

Жангелдин трагедиясы: отбасынан айырылған Ақбаян Мұқанғалиева ауруханадан шықты

Атырауда ауыр қылмыстық оқиғадан кейін психикалық денсаулық орталығында ем қабылдаған Ақбаян Мұқанғалиева ауруханадан шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Қазір ол жақындарының қарауында. Ақбаян балаларымен қайта қауышып, біртіндеп қалыпты өмірге бейімделіп жатыр.

Қазір оның денсаулығын қалпына келтірумен қатар, әлеуметтік ортаға қайта бейімделуіне де көңіл бөлінуде. Ол оңалту орталықтарына барып, қажетті сауықтыру шараларынан өтуде.

Ақбаянның туыстарының айтуынша, қазіргі жағдайы жақсы. Алайда толық қалпына келіп, күнделікті өмірге оралуы үшін уақыт қажет.

Еске салайық, Ақбаян Мұқанғалиева – бір отбасының өліміне себеп болған Сұлтан Сәрсемәлиевтің бұрынғы жары. Бұл қылмыстық іс қоғамда «Жангелдин трагедиясы» деген атаумен кеңінен талқыланды. Сұлтан Сәрсемәлиев қылмысын толық мойындады. Ол өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Жазасын атышулы “Қарабүркіт” колониясында өтейді. 

Әзірге, Ақбаянның ата-анасы, бауырларының қазасы туралы білетін-білмейтіні белгісіз.

Баян Жанұзақова, Атырау

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.