in

Ертіске батып кете жаздаған азаматқа айыппұл салынды

Павлодар қаласында Ертіс өзенінде құтқарушылар суға шомылу ережесін бұзған ер адамды құтқарып қалды.

ТЖМ мәліметінше, рейд кезінде «Куба» жағажайы маңында бір азаматтың қалқымалы белгілерден асып кетіп, өзеннің қатты ағысына тап болғаны анықталған. Су ағысы оны жағалау бойымен алып кетіп, жағаға шығу қиын аймаққа қарай жылжытып бара жатқан.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ер адамды қайықпен жағаға жеткізді. Медициналық көмектен ол бас тартқан.

Кейін азаматпен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша хаттама толтырылды.