in

Еліміз бойынша дауылды ескертулер жарияланды

Температураның күрт төмендеуі оңтүстіктен басқа барлық өңірлерде күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz “Қазгидромет” РМК ақпаратына сәйкес.

Дауылды жел еліміздің бүкіл аумағында болады;

Жауын-шашын, көктайғақ және боран республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында болжануда.

Тұман оңтүстік және батыс облыстарда түседі.

Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жылдың 18-20 ақпанда күтілетін ауа райының күрт өзгеруі, апатты және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойыншп дауылды ескертулер

19 ақпанда Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде 12-17, облыстың оңтүстігінде 7 градус аязға дейін күрт төмендейді.

19 ақпанда Қостанай облысында ауа температурасы түнде 15-20, облыстың солтүстік-шығысында 23 градус аязға дейін, күндіз 12-17, облыстың солтүстік-шығысында 20 градус аязға дейін күрт төмендейді, 20 ақпанда түнде 20-25, облыстың солтүстік-шығысында 28, облыстың оңтүстігінде 15 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

19 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы түнде және күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде 23 градус аязға дейін күрт төмендейді, 20 ақпанда түнде 20-25, облыстың солтүстігінде 28 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

19 ақпанда Ақмола облысында ауа температурасы түнде және күндіз 10-15, облыстың батысында, солтүстігінде 20 градус аязға дейін күрт төмендейді, 20 ақпанда түнде 20-25, облыстың солтүстігінде, шығысында 28 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

Астана қ.: 19 ақпанда ауа температурасы түнде және күндіз 11-13 градус аязға дейін күрт төмендейді, 20 ақпанда түнде 21-23 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

19 ақпанда Павлодар облысында ауа температурасы түнде және күндіз 8-13, облыстың батысында, солтүстігінде 16 градус аязға дейін күрт төмендейді, 20 ақпанда түнде 20-25, облыстың оңтүстігінде 17 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

20 ақпанда Ұлытау облысында ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 7 градус аязға дейін күрт төмендейді.

20 ақпанда Қарағанды облысында ауа температурасы түнде 15-20, облыстың солтүстігінде 25, облыстың оңтүстігінде 10 градус аязға дейін күрт төмендейді.

20 ақпанда Абай облысында ауа температурасы түнде және күндіз 12-17, облыстың солтүстігінде 20, облыстың оңтүстігінде 7 градус аязға дейін күрт төмендейді.

20 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде және күндіз 12-17, облыстың солтүстігінде, шығысында 20, облыстың оңтүстігінде 9 градус аязға дейін күрт төмендейді.

20 ақпанда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с, Мұғалжар ауданында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

18 ақпанда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с.

Астана қ.: 18 ақпанда түнде  аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 18 ақпанда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.                      18 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 18 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні   23-28 м/с.

18 ақпанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.

Павлодар қ.: 18 ақпанда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

18 ақпанда түнде Қостанай облысының батысында, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қостанай қ.: 18 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

18 ақпанда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды қ.: 18 ақпанда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15–20 м/с.

18 ақпанда күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ.

Жезқазған қ.: 18 ақпанда тұман, көктайғақ күтіледі.

18 ақпанда күндіз Абай облысының батысында, орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

18 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

18 ақпанда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 18 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан қ.: 18 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

18 ақпанда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қ: 18 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.

18 ақпанда Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 18 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

18 ақпанда Алматы облысының шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с.

Қонаев қ.: 18 ақпанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с.

18 ақпанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

18 ақпанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстікке  ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе қ.: 18 ақпанда көктайғақ күтіледі.

18 ақпанда Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Орал қ.: 18 ақпанда тұман, көктайғақ күтіледі.

18 ақпанда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Атырау қ.: 18 ақпанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

18 ақпанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ақтау қ.: 18 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.