Астана қаласындағы №70 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Аңсат Алдияр Исатайұлына «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағына ие болды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл – елімізде мектеп оқушысына тұңғыш рет беріліп отырған мәртебелі марапат.
Жас шахматшы Алдияр Қазақстан спортының мақтанышы. Ол әлемдік деңгейдегі түрлі беделді додаларда қарсыластарын шаң қаптырып, талай рет жеңімпаз атанды.
Әлем чемпионаттары мен халықаралық турнирлерде топ жарып, еліміздің атын танытып, көк Туымызды биікте желбіреткен жас әлем чемпионы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.