in

Елена Рыбакина WTA 500 санатындағы турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирде жеңіске жетті.

Финалда әлемнің екінші ракеткасы чехиялық Каролина Мухова теннисшісінен басым түсті. Кездесу екі сетке созылып, 7:5, 6:1 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы бұл турнирді мансабында екінші рет ұтып отыр. Бұған дейін ол 2024 жылы да жеңімпаз атанған.