in

«Дауысына ғашық болдым»: Төлеген Мұхамеджанов жұбайына сезімін білдірді (видео)

Сазгер, әнші Төлеген Мұхамеджанов жұбайы, белгілі әнші Нұржамал Үсенбаева туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Айтуынша, екеуі отбасылық өмірде бір-біріне қолдау көрсетіп, өнерде де, өмірде де бірге келе жатыр.

«Нұржамалдың дауысына ғашық болдым ең әуелі. Сол ғашықтығым әлі күнге дейін өмір сүріп келе жатыр. Адами қасиеттері жоғары. «Қазақтың қызы қандай болу керек?» десе, осы Нұржамалдай болу керек дер едім. Бұл мақтағаным емес, әдетте ер адам өзінің жұбайын көп мақтай бермейді ғой, десе де біраз жасқа келгенде ашық айтуыма болатын шығар», — дейді Төлеген Мұхамеджанов.

Нұржамал Үсенбаева да күйеуі өзіне үнемі қолдау көрсететінін атап өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.