Батыс Қазақстан облысында Toyota Prado Volvo жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан жеңіл көлік жанып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми ақпаратқа сәйкес, оқиға 24 маусым күні шамамен сағат 16.45-те Самара-Шымкент тасжолының бойында Теректі ауданы аумағында болған.
«Аңқаты ауылы тұсында Toyota Prado Volvo жүк көлігінің тіркемесімен түйісті. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік отқа оранды. Өрт сөндірілгеннен кейін автокөлік салонынан үш адамның мүрдесі табылды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.