in

Біз сияқты зерттеушілерді архивке емін-еркін кіргізбейтін – композитор

Көрнекті композитор, өнер зерттеушісі, жазушы, публицист, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері Илья Жақановпен емін-еркін сұхбаттасудың сәті түсті.

AIQYN тілшісі: Аға,  қазіргі қазақ қоғамында халқы­мыздың рухани құндылықтары өз орнын қаншалықты сақтап отыр деп ойлайсыз?

– Біз  кеңестік дәуірді бастан кешкен ұрпақпыз.  Біздің «Мың өліп, мың тірілген» халқымыз  түрлі қасіретті бастан кешті. Ұлт ретінде көп нәрседен айырылдық. Ата-бабаларымыздың бізге тастап кеткен терең өсиет сөздерін ұмыттық. Халықты құрту үшін оның ең алдымен тілін, әдебиетін, өнерін жою жеткілікті.  Осындай қысылтаяң кезеңде  халқымыздың  репрессияға ұшыраған музыкасының бір бөлігін алып қалуға үлес қосқанымды мақтан етемін.

Руханиятымыз үшін сәл бір жылымық орнап, оңтайлы сәт туған кезде  радиода музыка редакциясын басқарған едім. Сол кезде ұлттық құндылық­тарымыздың барлығын шашау шығармай,  қазіргі «Алтын қорда» сақталуы жолында әндерімізді қайта тірілттім.

«Еділді тартып алғаны,
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны,
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны,
Ойдағысы болғаны», – дейді Мұрат Мөңкеұлы.

Отаршылдықтың бізге берген қасіретін ақын-жазушыларымыз осылай толғады. Иә, жылымықтың өзі оңай болған жоқ. Біз сияқты зерттеушілерді архивке емін-еркін кіргізбейтін. Қысылып, қымтырылып жүріп, көп нәрсені алып қалдық. 

Қазақ халқының даналығы, терең­дігі археологиядан бастап,   біздің рухани  құндылықтарымызда жатыр. Шүкір, Тәуелсіздікпен бірге ұлан-ғайыр қазақ даласы оянды. Хан­дары­мызға, билерімізге, батырларымызға, ақын-жазушыларымызға арнап тұр­ғызған ескерткіштеріміз қазақ даласын үлкен галереяға айналдырды. 

Сұхбаттың толық мәтінін  мына сілтемеден оқи аласыз