Актриса, әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде ана мен бала жайлы ойын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесінің айтуынша, кейбір аналар баласы туралы жақсы ойдан ойдан гөрі жаман ойды көбірек ойлайды. Бұл қауіпті болуы мүмкін. Өйткені адамның басына келген ой белгілі бір уақытта «жемісін» береді.
«Баланың ең бірінші жауы — туған анасы. «Ойбай балам ауырып қалмады ма, көлік қағып кетпеді ме?! Өйтіп қалмады ма, бүйтіп қалмады ма?» деген өзінің жаман ойларымен баласы жайлы тұқымның дәнегін себеді. Қияр-қызанақ секілді. Ол күндердің күнінде, 5,10,20 жыл өткенде де ол себепкен тұқым өсіп, жемісін береді. Балаға бірдеңе болған кезде ата-ана «Мен білгенмін, сезгенмін» дейді. Жоқ, оны сіздің жүрегіңіз сезген жоқ. Ол ойды сізді 5-10 жыл бұрын септіңіз. Оның уақыты келді, жемісін берді. Ішіңдегі жақсы көретін баланың өзін орнымен, «Алланың аманаты ғой» деп қана жақсы көру керек. «Балам үшін Астанаға көштім, ауылдан Алматыға көштім. Балам үшін» деп өмір сүріп жатыр. «Балам үшін» деген ұғым қорқынышты нәрсе. Сіз өзіңіз үшін өмір сүріңіз, сіз бүтін болсаңыз, рухыңызбен бірге гармонияда өмір сүрсеңіз балаңыздың өмірі де, балаңыздың сізбен қарым-қатынасы да онсыз да гармонияда болады», — деді Айгүл Иманбаева.
Актрисаның бұл сөзі желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.