Ақмола облысының Полиция департаменті «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 28 маусым күні облыс аумағында «Жол қауіпсіздігі күні – Ақ жол» республикалық акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты – жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, құқық бұзушылықтың салдарын түсіндіру және «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау қажеттігін еске салу.
Күні бойы жол қозғалысына қатысушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тәртіпке бағыну мәдениетін нығайту және жолда жауапсыздыққа көз жұмбай қарау әдетін орнықтыру мақсат етілді.