in

Атырауда салынып жатқан «Жайлы мектеп» жайсыз болып шықты

Атырау облысының Құлсары қаласындағы шағынауданда құрылысы жүріп жатқан мектепте шатырдың бір бөлігі опырылып түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Білім басқармасының мәліметінше, нысан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр және 1200 орынға арналған.

 

«Құрылыстың толық аяқталуына дейін бағдарламаның жауапты әкімшісі – Атырау облысының құрылыс басқармасы», – деп нақтылады ведомство.