in

Астанада үш жасар баланың аяғы батареяға қыстырылып қалды

Астана қаласында Ы. Дүкенұлы көшесіндегі үйлердің бірінде үш жасар бала абайсызда аяғын жылу батареясының арасына қыстырып алып, өздігінен шыға алмады.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен баланың аяғын босатты

Абырой болғанда, бала жарақат алған жоқ, оған медициналық көмек қажет болмады.