Анна Данилина мансабында үшінші рет «Үлкен дулыға» жарысының финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, жартылай финалда Данилина мен сербиялық Александра Крунич Эйкери (Норвегия) / Ходзуми (Жапония) дуэтін 6:7(5), 6:3, 7:5 есебімен жеңіп, Roland Garros финалына жолдама алды.
Финалда олар Шнайдер / Андреева мен Эррани / Паолини жұбы арасындағы кездесудің жеңімпаздарымен кездеседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.