in

Александр Бублик Германиядағы ATP 500 турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Жартылай финалда ол ресейлік Карен Хачановты 4:6, 7:6, 6:4 есебімен жеңіп шықты.

Финалда Бубликке қарсы тағы бір ресейлік, әлемнің 11-ракеткасы Даниил Медведев шығады. Ол өз кезегінде жартылай финалда Германия атынан өнер көрсететін әлемнің 3-ракеткасы Александр Зверевті 7:6(3), 6:7(1), 6:4 есебімен жеңді.

Финал жексенбі күні өтеді. Бұл – Бубликтің Галледегі екінші финалы. 2023 жылы ол осы турнирде мансабындағы ең ірі титулын жеңіп алған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз