in

Айыппұл – 43 250 теңге: Риддерде орманға баруға тыйым салынды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының орман алқабына баруға тыйым салынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. «Риддер орман шаруашылығы» КММ-не сілтеме жасап. 

Олардың мәліметінше, тыйым жоғары өрт қаупіне байланысты енгізіліп отыр.

– Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының орман алқабына  ауа райы жағдайына байланысты өрт қаупінің жоғары IV класы белгіленді. Осыған байланысты орманға баруға тыйым салынады. Тыйым мол жауын-шашын түскенге дейін өз күшінде болады, – делінген «Риддер орман шаруашылығы» КММ-нің хабарламасында. 

Белгіленген талапты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 10 АЕК, яғни 43 250 теңге.