in

Азиада-2026: Қазақстан құрамасы кешенді жүзуден эстафетада финалға шықты

​Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азиада ойындарында ерлер арасында 4×100 метрге кешенді жүзу эстафетасынан іріктеу кезеңі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
​Қазақстан құрамасы сапында Айбат Мырзамұратов, Александр Румынский, Максим Сказобцов пен Максим Клименко өнер көрсетті. Іріктеу қорытындысы бойынша, Қазақстан командасы 3-орын алып, жарыстың финалына жолдама алды.
Айта кетейік, ​ақтық сындар бүгін өтеді.
Жалпы, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.