in

Жамбылда жанданған жоба

Жалпы, былтыр өңірде «Әулиеата – кі­тап оқитын өңір» жобасы жанданғанынан ел хабардар. Баянды бастама аясында 7 мың­нан астам іс-шара ұйымдастырылып, 210 мыңға жуық адам қамтылды. Оның ішін­де 130 мыңнан астамы – жастар. Енді, мі­не Мемлекет басшысының «Кітап оқу мә­дениетін дамыту және зерделі ұлт қалып­тас­тыру жөніндегі шаралар туралы» Жар­лы­ғын іске асыру аясында Жамбылда тағы бір жобаға жан бітіп отыр.

Осы орайда күні кеше облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Кітап оқитын ұлт – Чи­таю­щая нация» қоғамдық қорының төра­ға­сы Бақытжан Тұрлыбеков  кітап оқу мә­де­ние­тін дамыту және жобаны бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы ме­морандумға қол қойды.

Кездесуде Ербол Шырақпайұлы ел Пре­зи­денті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мә­дениеті мен кітапхана ісін дамытуға ерек­ше мән беріп отырғанын атап өтті.

– Кітап – ұлттың рухани қазынасы, бі­лім мен тәрбиенің, парасат пен мәдениеттің қай­нар көзі. Қоғамның дамуы, ең алдымен, аза­маттарының білім деңгейі мен кітапқа де­ген құрметіне байланысты. Сондықтан кі­тап оқу мәдениетін қалыптастыру – бүгін­гі күннің маңызды міндеттерінің бірі, – деді өңір басшысы.

Бүгінде Жамбыл облысындағы 275 мем­ле­кеттік кітапхананың кітап қоры 3 миллион 876 мыңнан асады. Кітапханаларда 224 мың­нан астам оқырман тіркелген. Оқыр­ман­дарға қолайлы жағдай жасау мақсатында кі­тапханалар жанынан 32 коуоркинг ор­та­лы­ғы ашылып, жастардың кітапханаға келу көрсеткіші айтарлықтай артқан.

Цифрландыру бағытында да бірқатар маңыз­ды жұмыс жүйесін тауып отыр.  Атап айт­сақ, «Әулиеата кітапханасы» мобильді қо­сымшасы іске қосылып, оған өңірдің 133 ав­торының 347 шығармасының электронды нұсқасы енгізілген.

Өңір қаламгерлері де кітап қорын жаңа туындыларымен толықтыруда. Былтыр 22 кі­тап­тың тұсауы кесілсе, биыл жыл басынан бері тағы 18 жаңа кітап оқырманға жол тарт­ты.

Бұдан бөлек, жас буынның кітап оқуға қы­зы­ғушылығын арттыру мақсатында об­лыс­та «Ой шебері» зияткерлік ойыны жүзеге асырылып келеді.

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қо­ғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұр­­­лыбеков жоба аясында мектеп оқу­шы­лары, студенттер, педагогтер, мемлекеттік қыз­метшілер, спорт саласының өкілдері, еңбек ұжымдары мен отбасылар арасында кі­тап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ке­шенді іс-шаралар өткізілетінін айтып отыр.

Алдағы уақытта Жамбыл облысында өңір­лік жоба кеңсесі құрылып, білім беру жә­не мәдениет ұйымдарында үйлестірушілер ай­қындалады. Сонымен қатар қатысушы­лар­ды тіркеуге және оқылған кітаптарды есеп­ке алуға арналған цифрлық платформа іске қосылады. Жобаға ауылдық және шал­ғай елді мекен тұрғындарын кеңінен тартуға ба­сымдық беріліп, әрбір отбасының қа­тысуы­на мүмкіндік жасалады.

Міне, осылайша жамбылдықтарға руха­ни сусындауға мол мүмкідіктер тууда. Енді тек өңір тұрғындары кітап оқуға айрықша ын­та танытады деп сенеміз.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы