in

Білімді жастарға бағыт берді

Алдымен студенттер Президентке қа­зақша тіл қатты. Олар Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітаптарында көрініс тапқан дип­ломатия мен ашықтық қағидалары Мәскеу мемлекеттік халық­аралық қаты­нас­тар институтында үлгі ретінде оқыты­латынын жеткізді.

Сонымен қатар жастар Абай Құнан­бай­ұлы шығарма­шы­лығына зор қызығу­шы­лықпен қарайтынын айтты.

– Ақынның «Адамзаттың бәрін сүй, бауы­рым деп» деген дос­­тық туралы ой орам­дары өте ерекше. Ресей мен Қазақ­стан – мәңгілік достықтың қос қанаты деп есептейміз. Екі елді, екі халықты рия­сыз, шынайы достық қарым-қатынас бай­­ланыстырады, – деді жастар.

Мемлекет басшысы студенттердің қазақ тілін үйренуге де­ген ынтасына жо­ғары баға беріп, оларға сәттілік тіледі.

– Мәскеу мемлекеттік халықаралық қа­­­тынастар институ-ты – өте беделді жо­ғары оқу орны. Бүкіл әлемге танымал. Қа­­зақ­стан бүгінде дербес мемлекет. Ме­нің ойымша, Мәскеу мем­лекеттік ха­лық­аралық қатынастар институтында ал­ған білім­деріңіз болашақта мол пайда­сын тигізеді. Өйткені түрлі ел­дер туралы, оның ішінде Ресейдің бұрыннан келе жат­қан одақ­тасы Қазақстан жайында көп мағлұмат білу Сіздерге кейін жұ­мыс­қа орналасуға, сондай-ақ әлемде және өңір­лік деңгейде бә­секеге қабілетті ма­ман болуға көмектеседі, – деді Прези­дент.