in

PISA-2025: Қазақстан оқушыларының көрсеткіші сингапурлықтардан жоғары

– Мысалы, біздің оқушылар математика бойынша – 581 балл: шартты түрде 2-орын, Сингапурдан жоғары. Жаратылыстану ғылымдары – 558 балл: шартты түрде 3-орын, Сингапурдың көрсеткішіне жуық. Оқу сауаттылығы – 493 балл: әлемдік ондыққа кіретін Ұлыбритания мен Жаңа Зеландияның нәтижелерімен деңгейлес.   Бұл салыстыру – ресми рейтинг болып саналмайды. Дегенмен ол NIS оқушыларының жоғары әлеуетін және Зияткерлік мектептерде қолданылатын білім беру тәсілдерінің нәтижелілігін айқын көрсетеді. Сонымен қатар PISA нәтижелері алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындауға, білім беру бағдарламасын одан әрі жетілдіруге және тиімді тәжірибелерді кеңінен таратуға негіз болады, – дейді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрағасы Әнуар  Жанғозин.