in

Cardiff University Kazakhstan-да ашық есік күні өтті

Cardiff University-дің Қазақстандағы алғашқы әрі жалғыз кампусының ашылуына арналған салтанатты іс-шараға 400-ден астам адам қатысты. Ашық есік күні Астана қаласы Сығанақ көшесі 38/1 мекенжайында өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы –   Qualified Centre of Education  қоғамдық қоры, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Cardiff University –  Ұлыбританиядағы жетекші зерттеу университеттерінің бірі, беделді Russell Group қауымдастығының мүшесі. Университет халықаралық рейтингтерде үнемі алдыңғы қатарда:

Cardiff University бизнес-әкімшілік саласы бойынша әлемнің үздік 50 университетінің қатарына енеді. Сондай-ақ білім беру, инженерия және геология бағыттары бойынша да жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Іс-шара аясында:

Шараға арнайы шақырылған құрметті қонақтардың қатарында Cardiff University өкілдері мен  ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек болды. Олар студенттерге арнап құттықтау сөз сөйледі.

Cardiff University кампусының Астанада ашылуы –  Қазақстанның жоғары білім саласындағы жаңа кезеңнің бастамасы. Бұл еліміздің студенттеріне шетелге шықпай-ақ, әлемдік деңгейдегі білім алуға бірегей мүмкіндік береді.